Ақмолада заңсыз еңбек етіп жүрген 43 өзбекстандық анықталды
Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, 18 маусым "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Өзбекстанның 43 мигрантына рұқсатсыз жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады.
Шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы бойынша хаттама толтырылды, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қанша алматылық атаулы әлеуметтік көмек алатыны анықталды
Өзгелердің жаңалығы