Ақмолада ұлтаралық алауыздықты қоздырған тұрғын сотталды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2024 жылы жазда Астрахан ауданының тұрғыны мас күйінде әртүрлі елдің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған "Чат рулетка" қолданбасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолданып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.
Сараптама онда ұлтаралық араздықпен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы