Ақмолада су құрсауында қалған түйелер құтқарылды

Ақмола облысының Тайтөбе ауылында құтқарушылар судан 6 түйені құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасыған кезде түйелер далада жайылып жүрген. 

Жануарлар судан қорқып, орындарынан қозғалмай отырған.

30 жылдық тәжірибеде бұл менің түйелерді алғашқы құтқаруым. Жануарлар жүзе алмайды, судың тереңдігі шамамен бір метр. Біз оларды бірден құрлыққа шығардық. Бірде-бір түйе зардап шеккен жоқ, - деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы