Ақмолада республикалық жолдың 355 шақырымы жөнделді

Ақмола облысында 2347 шақырым республикалық маңыздағы жол бар, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Биыл оның 355 шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 

Жөндеу жұмыстары төмендегі республикалық трассалардың учаскелерінде жүргізілуде: 

"Екатеринбург-Алматы"; 

"Көкшетау-Омбы"; 

"Көкшетау-Атбасар"; 

"Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау"; 

"Жақсы-Есіл-Бузулук"; 

"Жезқазған-Петропавл". 

Сондай-ақ биыл 20 шақырым жарықтандыру желісі, 10 жаңа бағдаршам, 22 шақырым арнайы қар басудан қорғайтын жаңа қоршаулар орнатылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы