Ақмолада қала тұрғындарының 95 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының 177 елді мекені 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтылады. Осы бағытта өңірде 63 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мұны Бурабайда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Облыс басшысының атап айтуынша, қала тұрғындарының 95 пайызына, ауылды елді мекендердің 89,3 пайызына ауыз су жетіп отыр.

Өңірдің 177 елді мекенін сумен қамтамасыз үшін 2025 жылға дейін 68 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу жоспарланған. Оның ішінде 29 ауылға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 72 ауылда кешенді блок модульдерді орнату және 37 ауылда сүзгі орнату арқылы ұңғымаларды бұрғылау жобалары бар, - деп атап өтті Маржықпаев.

Ермек Маржықпаевтың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда облыс халқының 92 пайызы сапалы сумен қамтылған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы