Ақмолада полицейлер 60-тан астам адамды алдаған күдіктіні анықтады
Ақмола полицейлері алпыстан астам адамды алдаған елорданың 32 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқ 63 адамды Қытайдан арзан тауарлар алуға уәде беріп алдады. Жәбірленушілердің шығыны миллиондаған және жүздеген мың теңгені құрайды. Қосшы елді мекенінде тұратын жәбірленушілердің бірінің айтуынша, 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың 18 қаңтарына дейін оның танысы Instagram арқылы 1 889 300 теңге көлемінде ақшалай қаражатты иемденген. Бұл ақшаға өтініш беруші жеткізушіге алдын-ала тапсырыс беру арқылы Қытайдан жиһаз сатып алғысы келді. 60-тан астам адам осындай қулыққа тап болғаны белгілі болды.
Олардың барлығы Астана қаласы мен Қосшы елді мекенінің тұрғындары. Тергеу барысында қылмыстық іске қатысушы WhatsApp мессенджерінде топ құрғаны анықталды, онда ол әртүрлі тауарларды көтерме бағамен жарнамалады. Ниет білдірушілер киім-кешек, тұрмыстық техника, тұрмыстық заттар, жиһаз және басқа да қажетті тауарларды тартымды бағамен сатып алмақ болған. Төлем алдын-ала толық көлемде жүргізілді, бірақ кейіннен сатып алушылар тауарды да, ақшаны да көрмеген, - делінген ақпаратта.
Тауарлардың кешігуін әйел әртүрлі себептермен түсіндірді, бірақ алданған азаматтар полицияға арызбен жүгінуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта 63 адам жәбірленуші деп танылды, алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер азаматтарды онлайн сатып алу кезінде қырағы болуға шақырады.
Айта кету керек, үш күн ішінде Ақмола өңірінің аумағында ақпараттық технологиялар және интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстарды анықтауға және алдын алуға бағытталған “anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.