Ақмолада мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Прокуратура шараларымен мемлекетке 285 млн теңгенің жайылымдық жерлері қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады.

Талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осылайша, аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50%-ға қысқарды, - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы