Ақмолада газ бағасы 70 теңге

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Оның атап өтуінше, сауда желісінде бірінші қажеттілік құралдары мен азық-түлік өнімдері жеткілікті. 

Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты қызметтерге атап айтқанда, жоспарланған жерлерде блокпосттарды орнату аяқталғаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар тауарларға, коммуналдық қызметтерге, көмірге, ЖЖМ-ге, газға және басқаларға баға саясатын сақтау бойынша бақылауды күшейтуге тапсырмалар берді. 

Өңірде газ бағасы 70 теңге көлемінде белгіленген. Облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықтықты есепке алғанда, баға 75 теңгені құрады. Бүгінгі күні облыста 120 газ құю станциясы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілеген бағалар бойынша сұйытылған газды құюды жүзеге асырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы