Ақмолада браконьерлік фактісі анықталды

16 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңында рейдтік іс-шаралар барысында РМКҚ "Охотзоопром ӨБ" инспекторлары заңсыз аңшылықпен айналысқан екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру кезінде олардың үстінен ТОЗ-34 тегіс ұңғылы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер табылды. Оларға тиесілі "Фольксваген" маркалы автокөлікті қарау барысында оның жүксалғышынан жабайы қабан мен қоянның ұшалары анықталды.

Аталған факті бойынша Целиноград аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Өзгелердің жаңалығы