Ақмолада 121 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Жердің кадастрлық құны 492,6 млн теңге.
Біржан сал ауданының прокуратурасы «Пайдаланылмаған жерлерді қайтару» жобасын іске асыруды жалғастырып отыр. Прокуратураның мәліметінше, өткен айда прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде кадастрлық құны 492,6 млн теңгені құрайтын 121 мың гектардан астам жайылымдық жертелімдері мемлекет меншігіне қайтарылған.
Жер учаскелері оларды пайдалану жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамаған «Sulu Daria» ЖШС-нен сот шешімі негізінде мемлекетке қайтарылды.
Осылайша, ауданда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасын табуда. Бұған дейін прокуратураның жобасы аясында 26 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.
Қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану мақсатында қадағалау органы жергілікті атқарушы органдарға аталған жерлерді ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу және әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру үшін адал ниетті жергілікті тұрғындар мен инвесторларға беру жөнінде бағыт-бағдар берді.
- Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды 04:26
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026