27 Наурыз 2023 2023, 09:31
Фото: Алау-ТВ
Ақмола және Қарағанды облыстарында жол ашылды
"Екатеринбург-Алматы" күре жолының екі бөлігінде қалың тұман салдарынан жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Екатеринбург-Алматы" күре жолының екі бөлігінде қалың тұман салдарынан жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" АҚ" ҰК баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Астана қаласынан Анар бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды.
Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" күре жолының Анар бекетінен Теміртау қаласы ААП аралығы ашық.