Ақмола полицейлері жаңа жылдық мерекелерде 37 мас жүргізушіні ұстады

Демалыс және мереке күндері патрульдік полиция нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істейді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басты міндеттерінің бірі - алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлікті басқару фактілерінің жолын кесу. 

30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Ақмола жолдарында 37 мас жүргізуші ұсталды, 4-еуі жүргізуші куәлігінен айырыла отыра көлік басқарған, 9-ы жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырды. 

Төрт күнде 50 көлік айыптұраққа қойылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы