Ақмола полицейлері трассада қалған 6 көлік легін ертіп жүрді

Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығында байланысты трассада қалған 6 көлік легін ертіп жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін ағымдағы жылдың 28 ақпанында Ақмола облысында 12 автожолды жабу туралы шешім қабылданды. 

Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар блок бекеттер, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді. Қосымша экипаждар енгізілді. Қазіргі уақытта полицейлер 6 автокөлік легінде 1000-нан астам автокөлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына дейін және кері бағытта ертіп жүруде. 

Ауа райына байланысты "Астана - Павлодар" және "Астана - Щучинск" трассалары жабық күйінде қалып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы