Ақмола полицейлері өткен тәулікте 2600-ге жуық автокөлікті ілестіріп алып жүрді

Aуа райының нашарлауына байланысты Ақмола полицейлері 2600-ге жуық автокөлікті ілестіріп алып жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 ақпанда автокөліктердің көп жиналуына байланысты жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында 11 колоннаны алып жүруді ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары Астанадан Щучинск қаласына келе жатқан 820-ға жуық жеңіл және 179-ға жуық жүк көлігін ілесіп алып жүрді, тағы 1300-ге жуық жеңіл және 365 жүк көлігі Қарағанды мен Павлодар қалаларына аман-есен жетті.
Бүгінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Іс-шараларға 109 полиция қызметкері мен 59 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Полицейлердің айтуынша, дауылдың ескертуіне қарамастан жолға шыққан аймақ тұрғындары құтқарушылардың қайтып оралу немесе эвакуациялау туралы өтінішін эмоционалды және теріс қабылдайды.

Құрметті ақмолалықтар, sms-хабарлама арқылы алатын дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмаңыз. Біздің өңірдегі қыс мезгіліндегі автожолдардағы жағдайды болжау мүмкін емес. Желдің өзгеруі және аздаған жауын-шашын сізді күтпеген жерден жолда кедергі болуы мүмкін, сондықтан дауылды sms-ескерту алғаннан кейін, елді мекендерден тыс жерлерге барудан аулақ болыңыз және ауа-райы жақсарғанға дейін істеріңізді кейінге қалдырыңыз, - деп жазды ведомство.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы