Ақмола полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
7 қаңтарда сағат 15:00 шамасында Астана - Петропавл автожолының 265-шақырымында патрульдік полиция батальоны "Тұлпар 10" экипажының мүшелері Руслан Қасқұлақов пен Жақсылық Байдулин DAF маркалы автокөлігін байқаған.
Петропавл қаласына бара жатқан елорда тұрғыны рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен.
Автожолдың осы учаскесіне мониторинг жүргізген тәртіп сақшылары жүргізушіге көмектесті.
Өтіп бара жатқан Урал маркалы автокөлік жүргізушісінің көмегіне жүгінген полицейлер елорда тұрғынына кюветтен шығуға көмектесті.
Ал 8 қаңтарға қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты 424 автокөліктен, оның ішінде 382 жеңіл және 42 жүк көлігінен тұратын колоннаны Щучинск қаласынан Астанаға дейін жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов басқарды.
Екі күннің ішінде Ақмола полицейлері 988 көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Греция Түркиямен шекарада тосқауыл орнатады
Келесі жаңалық
АҚШ долларының құны артып барады
Өзгелердің жаңалығы