Ақмола полицейлері елді мекенге кірген елікті аулау фактісін тергеп жатыр
26 қаңтарда ауыл тұрғыны үйінің терезесінен көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген. Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ жаудырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бір елікке оқ тиіп, басқалары қашып құтылды. Содан кейін ауыл тұрғыны тұшаны сою үшін шаруашылық ғимараттарға апарған, алайда полицейлер оны сол жерде ұстады.
Полицейлердің заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Сондай-ақ сараптамаға, ер адамның айтуынша, әкесінен қалған, бірақ тиісті түрде полицияда тіркелмеген қару-жарақ жіберілді.
Сараптама нәтижелері бойынша тергеушілер соңғы процессуалдық шешім қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы