26 Шілде 2026, 23:55 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысының үш ауданында құрғақ шөп өртенді

Жалпы жанған аумақ 38 гектардан асты.

Бүгін Ақмола облысының Есіл ауданындағы Курское ауылы, Целиноград ауданындағы Шалқар ауылы және Ақкөл ауданындағы Новорыбинка ауылы маңында құрғақ өсімдік өртенді.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, ауылдық округ әкімдігі, сондай-ақ бірқатар кәсіпорындардың күштері жұмылдырылды. Үйлесімді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлық өрт ошақтары толықтай сөндірілді.

Жалпы жанған аумақ 38 гектардан асты. Төтенше жағдай салдарынан елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және құрғақ шөпті өртеуден бас тартуға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.