13 Шілде 2026, 02:34 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысының үш ауданында құрғақ шөп өртенді

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы аумағы 10 гектардан асатын өрт ошақтары толықтай жойылды.

Ақмола облысының Целиноград, Ерейментау және Аршалы аудандарында құрғақ шөптің жану деректері тіркелді. Өрт ошақтары жедел сөндіріліп, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылының маңында, Ерейментау ауданындағы Тайбай ауылдық округінің теміржол бойында және Аршалы ауданындағы Байдалы ауылының маңында шыққан.

Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы аумағы 10 гектардан асатын өрт ошақтары толықтай жойылды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырып, өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласуды ескертті.