Ақмола облысының тұрғынынан заңсыз қару анықталды
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдану мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 5-6 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер заңсыз айналымнан атыс қаруын анықтау және алып қою бойынша жұмыс ұйымдастырып, оны сатып алу көздерін анықтау шараларын қабылдады.
Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне ЖПІШ барысында, Көкшетау қаласының тұрғыны атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпараты келіп түсті.
Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде облыс орталығының 41 жастағы тұрғынының гаражынан 5,6 калибрлі ТОЗ тіркелмеген шағын калибрлі мылтық тәркіленді.
Сол күні ПД ҰҚҚКБ криминалдық полиция бөлімшесімен бірлесіп Бұланды ауданының аумағында Niva автокөлігінен жергілікті тұрғынның басқаруымен тіркелмеген ұсақ калибрлі мылтық табылып, тәркіленді.
Екі факті де ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды