22 Тамыз 2026, 09:12 Фото: ©BAQ.KZ

Ақмола облысының тұрғыны Астанадағы жоқ пәтер үшін танысына 10 млн теңге берген

Әйел 2022 жылдан бері танысына бірнеше рет ақша берген.

Ақмола облысының тұрғыны Астанадан пәтер алуға көмектесемін деген танысына сеніп, 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бірнеше жыл бұрын танысы әйелге елордадан қамауда тұрған пәтерді сатып алуды ұсынған. Ол жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге уақыт пен қосымша шығындар қажет болатынын айтқан.

2022 жылдан бастап жәбірленуші оған бірнеше рет ақша берген.

Күдікті ақшаның түрлі жарналарды төлеуге, қызметтер ақысын өтеуге және ұйымдастыру мәселелерін шешуге қажет екенін айтқан, – деп мәлімдеді полиция.

Бірнеше жыл ішінде берілген қаражаттың жалпы сомасы 10 млн теңгеге жуықтаған. Алайда әйел уәде етілген пәтерді сол күйі алмаған, ақшасын да қайтара алмаған.

Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінді.

Оқиғаға байланысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп, істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.