Ақмола облысының Целиноград ауданында 250 орындық жаңа стационар салынады

Алдағы жылы Ақмола облысының Целиноград ауданында 250 орындық жаңа стационар салынып, 10-нан астам профильді бөлімше ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Балалар хирургиясы, акушерлік-гинекологиялық бөлімдер науқастарды қабылдай бастайды. Бүгінде аудандық емхана Ақмол ауылында орналасқан. Өңірде одан өзге 12 дәрігерлік амбулатория, 26 медициналық пункт, 7 акушерлік бекет жұмыс істеп тұр. 450-ден астам медицина маманы жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Енді, «Дені сау ұлт»жобасы аясында емдеу мекемелерінің саны едәуір артпақ.

Ауылдық жерді таңдаудың бірден-бір себебі осы болатын. Себебі жұмысты ең алғаш бастаған жас маманға өте қолайлы жағдайлар жасалған. Біріншіден бізді жалдамалы қызметтік пәтермен қамтамасыз етті, бір реттік беретін үстемеақымен қамтамасыз етті, - дейді Целиноград аудандық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ақбота Әбубәкір.

Емхананың ерекшелігі сол, дәрігерлерінің 70 пайызы жас мамандар. Соңғы екі жылда 23 түлек қызметке кіріскен.

Кейбір дәрігерлерге үй ұсынылған. Ауылда тұрып, осы жақта жұмыс істеп қызмет етіп жатыр. Келер жылы Целиноград ауданында 16 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады. Қатарында көпсалалы ауданаралық аурухана бар. Елеулі өзгерісті тұрғындармен қатар дәрігерлер де асыға күтуде, - деді Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Дәурен Сыбанбаев. 

Сонымен қатар Дәурен Сыбанбаев үй мәселесі ол да қарастырылып жатқанын айтты.

Дәрігерлерге, медбикелерге тұратын жер керек. Бүкіл сұрақтарды қойып, шешіп жатыр министрлік. Сол жақсылықтарды күтудеміз, - деді Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Дәурен Сыбанбаев.

Бүгінде емдеу мекемесіне 53 мың адам тіркелсе, 19 мыңы балалар. Жыл сайын халық санының ұлғаюымен дәрігерлік көмекке сұраныс өсуде. Ендігі мақсат  - медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы