Ақмола облысының студенті медальон жеңіп алды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті мәліметінше, 22 наурызда Францияның Мец қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған «Abilympics» атты X халықаралық кәсіптік шеберлік олимпиадасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Қазақстандық делегацияны ұлттық іріктеуден өткен 38 колледж студенті таныстырды. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе облыстары және Алматы мен Шымкент қалаларының ақпараттық технология, техникалық және шығармашылық кәсіп шеберлері бар. Айта кетейік, қазақстандық студенттер бұл шараға алғаш рет қатысты.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальонды Ақмола облысы Красный Яр ауылының көпсалалы колледж студенті Альбина Альбекова салды. Ол «Dress making, basic» құзыреттілігі бойынша үздік атанды.

«Abilympics» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған X халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасы 46 құзыреттілік және 10 кәсіби бағыт бойынша өтіп жатыр. Оған 40 елдің өкілі қатысуда.

Олимпиаданың негізгі мақсаты ерекше қажеттіліктері бар жас мамандардың қазіргі заманғы құзыреттерін игеріп, кәсіби бағдар алу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы