Ақмола облысының құтқарушылары астық қоймасындағы өртті сөндірді

Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруге Есіл ауданының гарнизоны күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру поезы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылдырылды.

Өрттің ауданы 900 шаршы метрді құрайды. Жинақталған агроөнімдердің саны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы