Ақмола облысының прокуроры ауысты

Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, - делінген Бас Прокуратура таратқан хабарламада.

Руфат Құттықов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Атырау облысы Атырау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

2022 жылдан бастап Маңғыстау облысының прокуроры болды.

Руфат Құттықов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы