Ақмола облысының екі ауданында шөп өртенді

Ақмола облысының екі ауданында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Аршалы ауданында Жібек жолы ауылында 80 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйде өрт болды және Атбасар ауданында Сепе ауылында 100 шаршы метр аумақта шаруашылық құрылысына оттың ауысуымен 10 тонна көлемінде шөп өртенді, - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен өрттер жойылды, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы