Ақмола облысының аумағында 40 блокпост қойылды

Ақмола облысының аумағында 40 блокпост қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, тас жолдың бойында 228 жүк және 25 жеңіл көлік қалып қойған.

Тек соңғы 6 сағат ішінде құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарының арқасында жол тосқауылдарындағы техника саны 186 жүк және 593 жеңіл автомобильге азайды.

Департамент базасында мүдделі органдардың қатысуымен жедел штаб ашылды. Осы сәтте жылыту пункттерінде 209 адам, оның ішінде 19 бала орналастырылған. Жергілікті атқарушы органдар оларға ыстық тамақ ұйымдастырды, - деп атап өтті ведомстводан.

Құтқарушылардың, еріктілердің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жүргізушілер мен жолаушыларды блокпосттарда ыстық тамақпен қамтамасыз ету жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы