Ақмола облысының әкімі жұмыссыздық мәселесін қалай шешіп жатыр?
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облысында 25 мың тұрақты жұмыс орны ашылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бар күш-жігер жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталды. Өңірде жұмыссыздық деңгейі - 4,8 пайыз. Жұмыспен қамтудың өңірлік картасының аясында 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 31 мың жұмыс орнына ұлғаяды. Оның 25 мыңы тұрақты жұмыс орындары, - деді Ахметжанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның мәлімдеуіше, облыста кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында соңғы екі жылда 66 млрд теңгеден астам 1900 жоба келісілді.
Соның нәтижесінде бюджетке салық төлемдері 39 пайызға артты. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, - деді Марат Ахметжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы