Ақмола облысының 7 ауданында мұз кептелістерін жоюдың екінші кезеңі өтті

Ағымдағы жылдың 29 наурызы мен 9 сәуірі аралығында Ақмола облысының аумағында мұз кептелістерін жоюдың екінші кезеңі өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұзды жару жұмыстары мұзды босатуға және көктемгі су тасқынын жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіз етуге көмектеседі.

Ерейментау, Шортанды, Атбасар, Целиноград, Бұланды, Астрахан және Сандықтау аудандарында көктемгі су тасқыны кезеңінде тасқын сулардың апатсыз өтуіне ықпал ететін осы алдын алу іс-шарасының екінші кезеңін өткізу барысында 7 ауданда барлығы 5000 кг-нан астам жарылғыш заттар жұмсалды.

Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынының екінші кезеңінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10-16 наурызы аралығында Атбасар, Целиноград, Аршалы, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Есіл, Шортанды, Бұланды, Қорғалжын аудандарында жалпы ауданы 23,616 м2 мұз қабатын әлсірету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы штабтардың тәулік бойы бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы