Ақмола облысындағы Жабай өзенінің деңгейі төмендеді

Қабылданған шаралар Атбасар ауданында Жабай өзенінің деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірақ қауіп сейілген жоқ. Сандықтау ауданы жағынан су келуі ықтимал.

Атбасар ауданында су тасқыны шиеленісті режимде өтіп жатыр. Жабай өзенінің бойында жергілікті жерлерді су басқан. 167 тұрғын үй, 45 жеке аула аумағы, №1 мектептің аула аумағы су астында қалды. Еріген қар суының көптігі және топырақтың нашар тазалануы Жабай өзені деңгейінің жоғарылауына және судың қорғаныс дуалынан ағып кетуіне әкелді. Су тасқыны қаупін азайту үшін қосымша қорғаныс бөгеттерін жасау және нығайту, еріген қар суын сору және бұру жұмыстары жүргізілді. Қабылданып жатқан шаралар өзен деңгейін 5 метрге дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бірақ қауіп әлі де бар, - деді Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов Республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында.

Эвакуацияланған тұрғындар эвакуация пункттерінде орналасқан, онда үш рет тамақ беріледі.

Су тасқынымен күресуге Ақмола, Жамбыл гарнизондары мен Шымкент қаласының құтқарушылары, Азаматтық қорғау академиясының офицерлері мен курсанттары көмек көрсетуде.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 336 адам, 75 бірлік техника және 36 мотопомпа тартылды.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді тексеру және материалдық залалды бағалау жөніндегі комиссия құрылды. Зардап шеккендерден өтініштер қабылданады, - деді спикер

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы