Ақмола облысындағы үйлерді су басып жатыр
Ақмола облысындағы Макинск қаласында үйлерді су басып жатыр. Жергілікті тұрғындар су басқан үйлерінің видеосын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық әкімдік те пікір білдірді. Ведомствоның мәлімдеуінше, бүгін жауған жаңбыр мен қардың еруіне байланысты қаланың арық жүйесі тасып жатыр.
Су басқан үйлердің иелеріне жергілікті атқарушы органдар көмек көрсетеді.
Тұрғын үйлердің аумағынан суды сору, арықтарды тереңдету, қосымша өткізу жолдарын ашу жұмысы жүріп жатыр, - делінген мәлімдемеде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы