Ақмола облысындағы «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларды жөндеді
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Кеңбидай гидроторабындағы қақпаларды жөндеу және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары да аяқталды.
Одан бөлек Подлесный және Қоянды су қоймалары мен «Айдабұлақ», «Щучье саяжайлары» және «Алексеевка» бөгеттеріне көп факторлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2028 жылға дейін 42 су қоймасын салу жоспарланып отырғанын жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, бір адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Жетісу қант зауыты алдындағы кезек 5 км дейін cозылған
Өзгелердің жаңалығы