17 Қараша 2026, 08:13 Фото: istockphoto.com

Ақмола облысындаға шахтада қайғылы жағдай болды

Ақмола облысы, Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеп жүрген адам қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, шахтада тас құлап, заңсыз алтын іздеуші үйінді астында қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп жазылған полиция департаментінің мәліметінде.