Ақмола облысында жолды су басып қалды

14 сәуірде, сағат 21:00-ден бастап еріген су деңгейінің көтерілуіне және жол бөлігін су басуға байланысты республикалық маңызы бар жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Максимовка ауылынан Атбасар қаласына дейінгі 120-184 шақырымдағы Көкшетау-Атбасар жолы жабық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы