Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға орнында бір көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда "Астана — Петропавл" автожолында "Hyundai Elantra"ж әне "ВАЗ-2107" автокөліктері соқтығысқан.

"ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал "Hyundai Elantra" көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, — деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уалихан Жүнісбеков.

Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: әлеуметтік желіден
Өзгелердің жаңалығы