Ақмола облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза тапты
Степногорск-Заводской тас жолында 1 қарашаға қараған түні жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
1 қарашаға қараған түні «Ауди В4» автокөлігінің жүргізушісі Степногорск-Заводской тас жолымен келе жатып, бос үш цистернасы бар жүріп келе жатқан тепловозға соқтығысты, - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, екі жолаушы кейін қайтыс болды. Түрлі жарақат алған тағы үш жолаушы Степногорск ауруханасында емделіп жатыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада ТЖМ қызметкерлері шұңқырға құлап кеткен итті құтқарды
Өзгелердің жаңалығы