Ақмола облысында жеке үй аумағындағы қоймада шөп өртенді
Ақмолалық өрт сөндірушілер жеке үй аумағындағы қоймада шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Целиноград ауданының Арайлы ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында қоймадағы шөп өртенді. Өрт 60 ш.м. алаңда сөндірілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің жақын маңдағы шаруашылық құрылысына таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде орфографиялық комиссия құрылады
Өзгелердің жаңалығы