Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты

Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында жеке тұрғын үйдың 50 ш. м. алаңында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 3 құтқарушы және 3 бірлік техникасы, Астана қ. ТЖД жеке құрамынан 11 құтқарушы және 2 бірлік техникасы және Жібек жолы а. ЖАО жанындағы өрт сөндіру депосынан 3 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жөнелтілді.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы