Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды

Желіде бейтаныс ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желі қолданушылардың айтуынша, оқиға 10 ақпанда Щучье қаласында жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде болған.

Кадрларда фельдшердің бейтаныс ер адам мен жедел жәрдем жүргізушісін ажыратпақ болғанын көруге болады.

Zakon.kz Ақмола облыстық полиция департаменті мен Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салды.

Ақмола облысының полиция департаменті Щучье қаласындағы жанармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесін жарақаттаған ер адамды анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы