Бүгiн 2026, 15:30 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс: Ер адам өз отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтірді

Жібек жолы ауылында бүтін бір отбасы қырғынға ұшырады.

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын өз отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтірді. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын өз отбасы мүшелерін – әкесі мен анасын, жиенін және ағасын – аса қатыгездікпен өлтірген.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қылмыс ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД.

Полиция өкілдері тергеу барысы департамент басшылығының қатаң бақылауында екенін атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаның ықтимал себептерінің бірі күдіктінің психикалық ауруы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, ІІМ мессенджерлерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан "Сирия, Ауғанстаннан келген мигранттар балаларды ұрлап жүр" деп таралған шұғыл "ескертуге" қатысты ресми мәлімде жасады.