7 Маусым 2024 2024, 23:49 Фото: видеодан кадр

Ақмола облысында жаңбыр суынан аулаларды су басты

Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Софиевка ауылында 4 жеке тұрғын үй мен 6 аула аумағы су астында қалды.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастыруда.