Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 01 шілде күні Есіл ауданы, Московский ауылында салтанатты түрде өрт сөндіру бекеті ашылды.
Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола облысының елді мекендерін өрттен қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ, өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңмен құру жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін 6 өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарланған. Өрт сөндіру бекеттерін ашу бойынша жұмыс тұрақты бақылауда және әрі қарай жалғасын табатын болады.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық округтер мен жалпы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз. Қызметкерлерге төтенше жағдайларға аз шығуды және жедел ден қоюды, мықты денсаулық, жұмыста сәттілік және ең бастысы, жеңдеріңнің құрғақ болуын тілеймін!, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.