Ақмола облысында жағдай тұрақты
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Ақмола облысының өңірлік жедел штабының отырысы өтті.
Кеңес барысында Ермек Маржықпаев облыстағы жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Барлық құқық қорғау, мемлекеттік органдар, төтенше жағдайлар және қорғаныс департаменті қызметкерлерінің, біздің қоғамшылдарымыздың үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі ахуал тұрақтануда. Бүгін полиция қызметкерлеріне жанқиярлығы үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, құқық тәртібін қорғауда, - деп толықтырды өңір басшысы.
Әкімнің айтуынша, өңірде қолма-қол ақшаны алу және тауар сатып алу мәселесі шешілді. Бұл мәселені шешу үшін Халық банкі Полиция департаментінің көмегімен 7 қаңтардан бастап Көкшетау қаласы бойынша банкоматтарды толтыруды бастады.
Бүгіннен бастап аудан орталықтарындағы банкоматтарды толтыру жүзеге асырылады.
Сонымен қатар әкім Сбербанктің 4 банкоматы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілген. Жақын күндері басқа банктермен де мәселе пысықталатын болтынын атап өтті.