Ақмола облысында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты
Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаларға жеткізілді.
Ақмола облысында үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
21 маусым күні сағат 14:56 шамасында Целиноград ауданындағы Астана – Қорғалжын автожолында, Оразақ пен Өтеміс ауылдарының аралығында жол апаты болды.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы үш көлік қатысқан.
Соқтығысудан кейін екі Toyota көлігі өртеніп кеткен. Өрт толықтай сағат 15:35-те сөндірілді.
Апат салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаларға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.