2 Қараша 2025 2025, 19:49
Фото: pixabay.com
Ақмола облысында уақытша жылдамдық шектеуі енгізілді
Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде жылдамдық шектеуі уақытша төмендетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде жылдамдық шектеуі уақытша төмендетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қарашаның 2-сі күні сағат 19:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол бекеті)» автожолының 180–243-шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін ең жоғары жылдамдық 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетілді.
Температураның төмендеуі, жауын-шашын мен көріну қашықтығының нашарлауына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шектеу енгізілді, – деп делінген "ҚазАвтоЖол" таратқан хабарламада.
Ауа райы тұрақтанып, жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда, қарашаның 3-і күні сағат 09:00-де бұрынғы жылдамдық режимі қайта енгізіледі деп жоспарланып отыр.