Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Ақмола облысында өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Целиноград ауданының Қараөткел ауылында тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай 15 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Келесі жаңалық
Алматы маңында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы