19 Шілде 2026, 14:51 Фото: pixabay.com

Ақмола облысында түн ішінде 2,7 гектардан астам аумақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілді

Өрт сөндірушілер жалынның кең аумаққа таралуына жол бермей, өртті толық ауыздықтады.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ошақтары Целиноград, Есіл және Атбасар аудандарында тіркелген.

Құрғақ шөп Сарыкөл ауылының маңында, Ы. Алтынсарин атындағы стансада, Қызылжар ауылының маңында, Садовое ауылының жанында, сондай-ақ Есіл және Атбасар қалаларының аумағында жанған.

Өрт ошақтарының барлығы жедел түрде сөндірілді. Жалпы өрт шарпыған аумақ 2,7 гектардан асты.

Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, құрғақ шөпті өртемеуге және табиғи өрттердің шығуына жол бермеуге шақырды.