23 Қараша 2026, 04:20
Фото: BAQ.KZ архиві / Артем Чурсинов
Ақмола облысында тұмауға байланысты бір аптада 6 мыңға жуық жедел жәрдем шақыртылды
Ақмола өңірінде бір апта ішінде жедел жәрдем 5,8 мың рет шақырту алған.
13-19 қараша аралығында облыстық жедел медициналық жәрдем қызметіне 5 797 шақырту түсті. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 426-ға көп. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Шақыртулардың негізгі себебі – тыныс алу ағзаларының аурулары. Осы кезеңде 1 556 шақырту тіркелді, оның ішінде ЖРВИ бойынша 1 156 шақырту болды, – деп жазылған хабарламада.
Жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты 1 047 шақырту, жарақаттар мен жазатайым оқиғалар бойынша 440 шақырту түскен.
18 жасқа дейінгі балаларға 1 513 шақырту тіркелген, оның 609-ы ЖРВИ-мен байланысты.
Дәрігерлер маусымдық ауа райының өзгеруіне байланысты денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырды.