16 Ақпан 2026, 06:50
Фото: polisia.kz
Ақмола облысында танысын қорқытып, несие алдырған күдікті тергеліп жатыр
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Қорқытып алу" бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақмола облысы тұрғыны бұрынғы танысын қорқытып, оның атына ірі көлемде тауарлық несие рәсімдеткені үшін тергелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бурабай аудандық полиция бөлімі мәліметінше, күдікті жәбірленушіні физикалық күш қолданамын деп қорқытып, оның атына iPhone 15 смартфоны мен ерлерге арналған алтын жүзікті несиеге алдырған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 950 мың теңгені құраған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсіріп, айғақ ретінде ұялы телефонды тәркіледі.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотталған. Сондай-ақ оның Щучье қаласында тіркелген тағы бір бопсалау дерегіне қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша «Қорқытып алу» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.