Бүгiн 2026, 01:24
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Ақмола облысында су бөгеті бұзылды: қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Жағдай ТЖМ бақылауында.
Қорғалжын ауданында «Шоптыкөл» бөгетінің бұзылуы тіркелді. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция және жол қызметтерінің күштері жұмылдырылған. Барлығы шамамен 170 адам және 43 техника бірлігі қатысуда.
Бөгетті нығайту, инертті материал төгу және суды бағыттау жұмыстары жүріп жатыр.
Жағдай ТЖМ бақылауында.