Ақмола облысында соттың шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру аясында Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жерді пайдаланбау фактісі бойынша азамат Ц. қатысты тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер ресурстарын басқару комитетінің мәлімдеуінше, Ақмола облысы, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында орналасқан көлемі 2,0 гектар жер учаскесі демалыс аймағын салуға арналған.
Тексеріс нәтижесінде Жер кодексінің 65 бабының талаптары бұзылғандығы анықталып, Департаментпен азамат Ц.-ға бір жыл мерзімде аталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама табысталды.
Нұсқама талаптары орындалмауына байланысты Департаментпен сотқа талап арыз жолданып, Шортанды аудандық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында 900 мың гектар алқаптан астық жиналады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы